back-image
"Аққыз"бөбекжайы КМҚК

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Аққыз"бөбекжайы КМҚК
"Аққыз"бөбекжайы жетістіктері
27-10-2022 11:18

  Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің “Аққыз”бөбекжайы”коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының жетістіктері

2019 жылы Аудандық көлемде «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиешінің шеберлігі» атты семинар өткіздік. Жергілікті жердегі «Ақтоғай ажары», «Орталық Қазақстан» газетіне семинар жөніндегі  мақалаларымыз жарияланды.

2019 жылы Intolimp.kz республикалық дарынды оқу-әдістемелік орталығының     Алғыс хаты

2019жылы Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Алғыс хаты

2020жылы «Step by step» қоғамдық қорының Сертификаты

2020 жылы Республикалық педагогикалық   «Бала мен балабақша »  журналына  «Аққыз» бөбекжайы» туралы фотосуреттер мен педагогтардың сабақ  материалдары шықты.

    2021 жылы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының Функционалдық сауаттылықты дамыту апталығын өткізуді белсенді ұйымдастырып, өзық іс-тәжірибесімен бөліскеніміз үшін Алғыс хатпен марапатталдық.

Ә.Бөкейхан мектебінің «Қамқорлық» фракциясының Құттықтау хатымен марапатталдық.   

2022 жылы Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал «Мектепке дейінгі білім-тәрбие» әдістемесіне педагогтардың сабақтары жарияланып шықты.  

Жыл бойына өтетін мерекелік шараларда, ертеңгіліктерде  тәрбиеленушілеріміз мекемеішілік марапатталады.  

«Ақтоғай археологиялық – этнографиялық мұражайы» мен тығыз байланыстамыз. Балаларымыз ай сайын мұражайға барып тұрады.

1-маусым балалар күніне орай аудандық паркте өткен мерекелік шараларға балаларымыз қатысып өнерлерін көрсетті.

Балалар жылына байланысты өтіп жатқан іс –шаралар «Әжемнің ертегісі»  Ертегілер елінде  , «Аудандық мұражайға саяхат» «Көңілді старт», «Толағай» отбасылық спорттық сайыс , «Ән өлкесі Ақтоғай»   Мерекелік ән-шашу  , «Ойнап әлем таныймыз» , «Ұлттық ойындар арқылы баланы жан-жақты дамытып тәрбиелеу»  Топ арасындағы жарыс. «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін халық ауыз әдебиеті шығармашылығы арқылы дамыту»  «Сыйқырлы саусақтар » Мүсіндер жасау.Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі дөңгелек стол басында бас қосамыз атты кездесу.

«Бақытты балалық шағым» бөбекжайда жалғасады атты мерекелік концерт

ӘДІСТЕМЕЛІК  ЖҰМЫСТАР

Бөбекжайдың педагогикалық ұжымы 15 педагогтан тұрады. Педагогтар жас топтарына бекітілген штаттық кестеге сәйкес  жұмыс істейді. Кадрларды іріктеу кезінде қызметкердің тиісті білімі, педагогикалық шеберлігі, жеке ерекшеліктері ескеріледі.Бастамашылықпен, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұжым - бұл бағалы ресурс. “Аққыз” бөбекжайының жалпы сыйымдылығы 140 орынды.Қазіргі уақытта бөбекжайда 6 топ жұмыс жасайды. 138 бала тәрбиеленуде 15 педагог , 6 тәрбиешінің көмекшісі , 13 кіші қызметкерлер  еңбек етеді. Бөбекжайға қабылдау INDIGO электрондық портал арқылы жүзеге асырылады. Оқыту-тәрбиелеу үрдісін сапалы жүргізу мақсатында бөбекжайда  барлық педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың,  білім берудің мемлекеттік  жалпыға міндетті стандарты Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының міндеттері басшылыққа алынған.

Бағдарламаның міндеттері мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу  мен оқыту үшін жайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасау, баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған дамытушы заттық- кеңістіктік ортаны, оның ішінде арнайы ортаны құру, олардың жас  ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, мектепке  дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз  ету, балалардың физикалық дамуы, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік,  шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту.

Баланың құзыреттілігінің даму деңгейін қадағалау мақсатында әрбір жас кезеңінде әрбір баланың жеке даму жоспарларын құруға мүмкіндік беретін білім беру саласындағы

(бастапқы, аралық, қорытынды) ұйымдастырылған оқу қызметінің түрлері бойынша жетістіктерге мониторинг жүргізіледі.

Оқу жылының соңында білім беру салалары бойынша тәрбие – білім беру жұмысына талдау жүргізіледі, оның мақсаты: әр баланың жетістіктерінің деңгейін анықтау, ағымдағы оқу жылындағы бағдарламалық материалды игергенін білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Жас мамандармен» жұмыс

Мақсаты:

  • Жас педагогтар кәсіби әрекетінің сәтті өсуі және бейімделуі, жас педагогтардың кәсіби өсуіне жағдай жасау.
  • Педагогтар үрдісінің барлық субъектісімен өзара байланыс жүйелілігі ұйымның жас педагогтарына көмек (ұжыммен, балалармен және олардың ата-аналарымен).
  • Жас педагогтарды мамандық әрекетінің барлық сферасына қызықтыру, жас педагогтардың үздіксіз өзін-өзі жетілдіру қажеттіліктерін қалыптастыру және тәрбиелеу.

Міндетері :

  • Жас мамандардың жеңіл бейімделу кезеңін қамтамасыз ету, педагогикалық әрекетке қызығушылық қалыптастыру, өзіне деген сенімділігін арттыру.
  • Жас педагогтардың кәсіби қасиетін қалыптастыру, педагогикалық үрдістің барлық қатысушыларымен жүйелі қарым-қатынас орнату.

Жас педагогтардың кәсіби шеберліктерін көтеру арқылы тәрбиелеу-оқыту үрдісінің сапасын қалыптастыру.

Новости