Бүгін квест түрінде өткен жас ата-ана мектебінің жиналысы өтті. Әдістемелік кабинетте әр отбасының ережесі мен іргетасынан ағаш киіз үй құрастырып, «Болады — болмайды — керек» жұмбақтарын шешті; робототехника мұғалімінің кабинетінде ойын әрекеттері арқылы балалардың ұсақ моторикасын дамыту бойынша ұсыныстар алды;қазақ тілі кабинетінде болып, балабақшада қазақ тілін оқытудың ойын технологияларымен таныстық; Логопедтің кабинетінде біз нейросимуляторларды іс-әрекетте қолданып көрдік және бала кезіміздегі ойындарды еске түсірдік. Семинар соңында қатысушылар өздерінің эмоциялары мен әсерлерімен бөлісіп, ұсынылған ойындар мен оқу құралдарының сапасы мен әртүрлілігін атап өтті.
Ата-ана мектебі