КМҚК «Салтанат» бөбекжай-бақшасының Құзыреттілік орталығының 2026–2027 оқу жылына арналған жоспарын іске асыру аясында, мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық мәселелерін іске асыру шеңберінде педагог қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2026 жылғы 30 қыркүйекте кезекті отырыс өткізілді. Отырыста балабақша және тірек мектеп педагогтерімен «Бірінші сынып оқушыларының мектеп жағдайына бейімделуі: мектепке дейінгі кезеңнен табысты бастауға дейін» тақырыбында әдістемелік митап ұйымдастырылды. Тәжірибе алмасуға бағытталған кәсіби кездесу барысында балалардың мектептегі оқуға сәтті бейімделуі мәселелері талқыланып, педагогикалық тәжірибелермен бөлісілді, сондай-ақ болашақ бірінші сынып оқушылары мен олардың ата-аналарын қолдау бойынша бірлескен ұсынымдар әзірленді.

