back-image
"Салтанат" бөбекжайы" КМҚК

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Салтанат" бөбекжайы" КМҚК
Қауіпсіз каникул: полиция ата-аналарға маңызды ережені еске салды
03-06-2026 18:17
Қауіпсіз каникул: полиция ата-аналарға маңызды ережені еске салды
Жазғы каникул — балалар үшін демалыс, саяхат пен жарқын сәттерге толы кезең. Жаз мезгілі жазатайым оқиғасыз өтуі үшін ШҚО ПД қызметкерлері әр отбасыға арналған қауіпсіздік ережелері қамтылған профилактикалық мультфильм дайындады.
 
Білгеніңіз абзал
 
Балаларды өзен, көл немесе бассейн жанында қараусыз қалдырмаңыз.
 
Серуендеу, велосипед және самокат тебу кезінде жол жүру ережелерін үнемі еске салып отырыңыз.
 
Бала жүретін таныс аумақтың өзі ересектердің ұдайы назарында болуы тиіс.
 
Балаларға ғаламторда бейтаныс адамдармен сөйлесуге және жеке деректерді бөлісуге болмайтынын түсіндіріңіз.
 
Қауіпсіздік туралы жиі сөйлесу балаларға кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
 
Полиция ата-аналарды жазғы каникул кезінде балалар қауіпсіздігіне аса жауапкершілікпен қарауға шақырады.
 
Әрбір баланың жазғы демалысы жарқын, мазмұнды әрі қауіпсіз болсын!
 
POLISIA.KZ
Новости