2025 жылғы 18 желтоқсанда біздің балабақшамызда инклюзивті практика аясында ата-аналарға арналған консультациялық пункттің отырысы өтті. Кездесуде педагог-психолог Т.М. Акбашева ата-аналармен «Отбасылық дәстүрлер. Бұл не және оларды не үшін енгізу керек?» атты кеңес өткізсе, тәрбиеші Л.А. Шаклеина балалармен бірлесіп «Ғажайыптар шеберханасы» атты шығармашылық жұмысын ұйымдастырды. Бұл кездесуде ата-аналар отбасылық дәстүрлер бойынша ұсыныстар алып, өз отбасыларындағы дәстүрлермен бөлісті және балаларымен бірге шыршаға арналған жаңажылдық ойыншық жасады.

