back-image
КГКП "Ясли-сад" Берёзка"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГКП "Ясли-сад" Берёзка"
"Үйде қазақ тілін үйренеміз" ата-аналармен жұмыс Қазақ тілі мұғалімі: А. К. Ситахметова
13-10-2023 12:55
 
       Қазіргі Қазақстанда қазақ тілін үйренуге көп көңіл бөлінуде, қазақ тілінің грамматикасын,лексикасын, фонетикасын дамытуға тілтанушылар: М. Ғ. Арынов С. Кеңесбаев, Қ. Қайдари үлкен еңбек сіңірді.
      Қазақ тілі әуезді, көп қырлы, философиялық мағынаға толы, белгілі бір мағынаны дәлме-дәл жеткізеді. Қазақ тілін үйрену, оны түсінуге қол жеткізу үшін оны, бала  алғашқы қадам жасаған кезден бастап және балабақшаға келгенде бастау керек. Балабақшада оқу іс-әрекеті кезінде екі тілді компонентті қолдана отырып, туған өлкеге, қазақ тілі мәдениетіне деген сүйіспеншілікті ояту бұл -мектеп жасына дейінгі баланың қазақ тілін үйренуіне берік негіз болуы мүмкін.
     Тілді кезең- кезеңімен оқыту өте тиімді :бірінші қадам-фонетиканы оқыту. Өйткені, фонетика кез – келген тілді үйренудің  негізі. Нақты қазақ дыбыстарының дұрыс айтылуын 3-6 жас аралығында пысықтау қажет. Менің жеке тәжірибеме сүйенсем, егер балаларды  оқыту ойын түрінде жүргізілсе, тәрбиеленушілер дыбыстардың дұрыс айтылуына жылдам  бейімделеді.
       Егер сіз және балаларыңыз үйде сөздерді қайталайтын болса, осылайша Сіз өзіңіздің де мемлекеттік тіл туралы біліміңізді жетілдіресіз. Ата-аналар балаларының қазақ тілінде сөйлей бастағаны үшін айтқан алғыс сөздерін есту өте жағымды. Менің ана тілім көп ұлтты еліміздің барлық халықтары үшін қарым-қатынас тіліне айналғанын қалаймын. Абай, Шәкәрім, Жамбыл, Мұхтар Әуезов, Мұқағали Мұқатаевтың тілі Қазақстанның кең аумағында тұратын барлық халықтардың тілі болсын. Менің елім өркендеп, халқымның әл-ауқаты өскенін тілеймін. Біздің республикада әрқашан бейбітшілік пен тыныштық болсын!
Новости