«Заң мен тәртіп» бағыты аясында «Бағдаршам» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Мақсаты: балаларға жолда жүру ережелерін түсіндіру, бағдаршам түстерінің мағынасын таныту, жаяу жүргіншілер өткелінен қауіпсіз өту дағдыларын қалыптастыру. Жолда мұқият болуға, тәртіп сақтауға және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер жол белгілерімен танысып, ойын арқылы жаяу жүргінші мен жүргізушінің рөлдерін сомдады. Жол макетін пайдаланып, көшеден өту тәртібін үйренді.
Жол ережесін бала кезден білу — қауіпсіздіктің кепілі!