16.09.2026 жылы “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы (РО) тірек мектебінде” КММ жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде: • бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектептің бірлескен жауапкершілігі; • заң, тәртіп, құндылықтар және жауапкершілік; • оқушылардың қауіпсіздігі және мектептің ішкі тәртіп ережелері; • психологиялық қолдау; • оқушылардың денсаулығы және салауатты өмір салты.
Жиналысқа қатысқандар: мектеп директоры, оқу ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ауыл инспекторы, мектеп психологы, мектеп медбикесі және ата-аналар.
Жиналыс барысында ата-аналарға маңызды ақпараттар беріліп, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының маңыздылығы атап өтілді. # Нұрабілімбөлімі #Адалазамат # Заңментәртіп