back-image
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
«Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады»
14-09-2026 17:41
«Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады»

3-сыныпта «Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады»тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылар анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет туралы ой бөлісті. Сабақта “Көкек» атты мультфильм көріліп, мазмұны талқыланды.Сабақ соңында оқушылар өз ойларын ортаға салып, отбасы құндылықтары, ана мейірімі мен қамқорлықтың маңызы туралы пікірлерін білдірді. Сонымен қатар «Не жөнінде үндемей қалуға және ата-анадан жасыруға болмайды?» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Оқушыларға қандай жағдайларды міндетті түрде ата-анасына немесе сенімді ересек адамға айту керектігі түсіндіріліп, қауіптің алдын алу, өз қауіпсіздігін қорғау және қиын жағдайда көмек сұрау жолдары айтылды. Мұғалім: Исмагамбетова Т.С. #Нұра_білім_бөлімі @takishevdarkhan #AдалАзамат

Новости