back-image
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
Педагогикалық кеңес
25-05-2026 13:47
Педагогикалық кеңес

???? 2026 жылғы 25 мамыр күні сағат 08:00-де А.Байтұрсынұлы атындағы тірек мектеп (РО) базасында оқу жылының қорытындысына арналған педагогикалық кеңес өткізілді.

Педагогикалық кеңес барысында 2025–2026 оқу жылының қорытындылары шығарылып, мектеп ұжымының жыл бойы атқарған жұмыстары сараланды. Әрбір бағыт бойынша жауапты мамандар өз есептерін ұсынып, білім беру, тәрбие жұмыстары, әдістемелік қызмет, оқушылардың жетістіктері мен мектептің қоғамдық өміріне қатысты атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Сонымен қатар, оқу жылы ішінде қол жеткізілген нәтижелер мен жетістіктер атап өтіліп, алдағы оқу жылына арналған міндеттер мен даму бағыттары белгіленді.

Мектеп ұжымына оқу жылы бойы атқарған қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіріліп, жазғы демалыс кезеңіне сәттілік тілейміз!

Новости