“Күншуақ “лагерінің 2-күні
“ Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі(РО) КММ
“Күншуақ “лагерінің 2-күні қызықты әрі әсерлі өтті. Оқушылар табиғат аясында серуендеп, таза ауада саяхат жасады. Көңілді бой жазу жаттығуларын орындап, белсенді демалыс өткізді. Түскі астан кейін табиғаттың әсемдігін тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен уақыттарын пайдалы өткізді. Балалардың қауіпсіздігі мен жақсы демалысына ерекше көңіл бөлінді.
Балалар үшін бұл күн жаңа әсерлер мен жарқын естеліктерге толы болды.