1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай “А.Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (РО)” КММ «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті. Лагерьдің ашылуында оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен қатысып, қызықты ойындар мен көңілді бағдарламаларға белсене араласты. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың бос уақытын пайдалы өткізуге жағдай жасау.
Барша бүлдіршіндерге жарқын жаз, көтеріңкі көңіл-күй, қызықты демалыс пен жаңа достар тілейміз! «Күншуақ» лагерінің жаңа маусымы құтты болсын!


