"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (РО)" КММ -де 13 сәуір күні 6 қазақ сыныбында 12 сәуір - Ғарышкерлер күні орай "Байқоңырдан басталған сапар" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды ғарышқа, ғарышкерлердің тарихы мен ғарыш саласындағы жетістіктерге қызықтыру.
· Ғарыш саласындағы алғашқы жетістіктер мен адамзаттың ғарышқа ұшуы туралы білім беру. Сабақ барысында оқушылар ғарыш әлемі туралы қызықты мәліметтермен танысып, ғарышты игерудегі жетістіктер жайлы білді.Сонымен қатар ғарыштың ерлігі мен еңбегі жайлы ой бөлісіп, талқылады.Бұл тәрбие сағаты оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, отандық ғарыш тарихына деген құрметін нығайту.