28.01.26 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебінде 9 және 11 сыныптың ата-аналарымен «Біртұтас тәрбие құндылықтары: ата-ана мен мектеп бірлігінде адал азамат тәрбиелеу» тақырыпта жиналыс өтті.
Ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысы – оқушы тәрбиесіндегі басты құндылық. Отбасы мен білім ордасының өзара ынтымақтастығы арқылы адалдықты, жауапкершілікті, еңбекке құрметті бойына сіңірген саналы азамат қалыптасады. Біртұтас тәрбие – жарқын болашақтың кепілі. Соңында ата-аналармен сұхбат жүргізілді.