"Заң бәрімізге ортақ"
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебінде 26 қаңтар күні 11-сыныпта
"Заң бәрімізге ортақ" тақырыпта сынып сағаты өтті. Сынып сағаты барысында оқушыларға заңның қоғамдағы маңызы, әр азаматтың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Заңды сақтау – тәртіптің, қауіпсіздіктің және әділдіктің кепілі екені айтылды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, заңға құрметпен қарау әр адамның азаматтық борышы екенін түсінді.