7 сыныпта "Қазақ халқының ұлттық тағамдары" тақырыбында сынып сағатын Ахметова Алтынай Сайлюбаевна өткізді.
Бұл тақырыпты біз жайдан - жай таңдаған жоқпыз. Қазақта «Ас – адамның арқауы», «Ас жүрген жер – береке», «Тату үйдің тамағы тәтті» деген мақал - мәтелдер бар. Жер бетінде өмір сүретін әр халықтың өзіне тән дәстүрі, салты, ұлттық киімі, тағамдары бар. Біздің қазақ халқы бұрын көшпелі өмір сүріп, мал шаруашылығымен айналысқан. Олар төрт түлік малды бағып, оны сауса – сүт, сойса – ет, мінсе - көлік, кисе – киім етіп пайдаланған. Тамақтың ең құнарлысын, адам ағзасына қажеттісін ішіп - жеген. Сондықтан біздің халқымыздың дені сау, батыр халық болған. Соның арқасында осы ұлан байтақ жерді көзінің қарашығындай сақтап, бізге мұраға қалдырған.
"Қазақ халқының ұлттық тағамдары"