Ахметова Алтынай Сайлюбаевна 7 сыныпта сынып сағатын өткізді: 2 ақпан Қазақ баспасөзі күні бұл күні 1913 жылы «Қазақ» газеті жарыққа шыға бастаған Ахмет Байтұрсынұлы бес жылдай өмірін осы «Қазаққа» қиды. Газеттің мазмұнды болуына ерекше мән берді. Қазақ халқы үшін сол кездерде құлағы, үні, тілі болып, айналасына ұлт болашағын ойлаған қазақ азаматтарын біріктіре білген «Қазақ» газетін Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың жан жарасына айналған жер, тіл, дін, оқу және тағы басқа мәселелерді көтеретін басылымға айналдырды.
«Қазаққа»