13.11.2023ж мектебімізде Ахметова Алтынай Сайлюбаевна "Зорлық зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Әр түрлі ситуациалық сұрақтарға оқушылар толық жауап берді, өз ойларын ортаға салып, ұсыныстар айтты. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Біздің басты мақсат балаларды қорғау, қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу - бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар әрбір адамның міндеті деп ойлаймын.
"Зорлық зомбылықсыз балалық шақ"