
Балаларды дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтумен қатар, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді. Сабаққа ынтасы артады. Егер бала құнарлы тамақтанбаса, онда организмде зат алмасу процесі бұзылады.
Ш.Батталова атындағы тірек мектебінің асханасы 50 орынға арналған. Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жеке кәсіпкер «жалға алушы» Мырзагалиева Әселмен келісім-шарт негізінде жасалған. Мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы жалға алушы болып табылады. Қызмет көрсетушіге сатып алынған тауардың сапалы болуы, өнімге қажетті сертификаттың міндетті болуы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы жүктеледі. Қонкурстық құжаттардың талаптары сақталады. Мектептегі тамақтандырудың нақты бағасы конкурстық негізде қойылған шарттарға қарай есептеледі (ас мәзіріне байланысты).
Мектеп жалгерінің жұмыс атқарғанына - 2 жыл болды. Асханада 2 адам жұмыс істейді, бас аспазшы- Абдуова Аманкул, көмекшісі аспазшы-Бахыткуль Мерекеевна. Бұл қызметкерлердің барлығы медициналық тексеруден өткен, ас әзірлеу, ыдыс жуу ережелерімен танысып, жұмыс істеуге рұқсат қағазын алған. Асхана жұмыскерлерінің барлығында жұмыс киімдері бар (халат, алжапқыш, бас киімдер, қолғаптар).
Асхананың санитарлық- гигиеналық жағдайы өте жақсы. Іші таза, кең. Мектеп асханасы ас бөлігі, буфет және тамақ сақтау бөлігінен тұрады. Асханада 3 мұздатқыш, 1 электр плитасы бар. Қазіргі уақытта осы құрылғылар жұмыс жасап жатыр. Ас бөлігі күніне 2 рет жуылып тұрады. Ас өнімдерін сату уақытында барлық ережелер сақталады. Мектеп асханасы ыдыс – аяқпен жабдықталған.
Ас мәзірі облыстық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының рұқсатымен бекітілген. Күнделікті мектеп медбикесі тексеруден өткізіп тұрады. Асханада тағамдардың мәзірі, құрамы, сапасы туралы мәліметтер, рұқсат етілген тағамдар тізбесі, пікір жазу кітабы, сыныптардың тамақ ішу кестесі, мектеп әкімшілігінің қадағалау кестесі ілінген.
Бұл үшін мектепішілік комиссия бекітілген. Тамақтануды ұйымдастыруға құрылған арнайы комиссия мүшелері күнделікті асхана жұмысын, көрсетілетін қызмет сапасын, тізім бойынша оқушылардың толық тамақтануын жіті қадағалап отырады.
Мектептің 186 оқушысы екі ауысымда бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан- 184, әлеуметтік жекелеген санаттарына байланысты -2 оқушы. Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыру үшін бюджет көлемінен – 14082432 теңге бөлінді.
Оқушылар үшін әзірленетін тағамдар мен аспаздық бұйымдар, тамақтандыру кезінде пайдаланылатын шикізат пен тамақ өнімдері, оларды жеткізу жағдайлары, өндіріс технологиясы санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормативтер саласындағы талаптарға сәйкес келеді.
Дайын аспаздық өнімдерді және тамақ өнімдерін сату асхананың жұмыс уақыты ішінде жүзеге асырылады немесе оқу процесінің соңына кемінде бір сағат қалған уақытта аяқталады. Тамақ өнімдерін сатып алу білім алушылардың тамақ рационына сәйкес және оны сақтау (жарамдылық) мерзімін ескере отырып жүзеге асырылады.
Асханада рұқсат етілген тағамдар ғана сатылады. Жеке кәсіпкердің тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар. Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын ата-аналар да жиі қадағалауда ұстайды. Балаларының ішкен тамағының сапасына, құрамына әрдайым қызығушылық танытады. Қадағалау комиссиясы құрамында ата-аналар комитетінің төрайымы бар.
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
«Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды.
Сондықтан да мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі