«Жаратылыстану-математика бағыты бойынша заманауи білім беру»
«Жігер» бірлестігінің «Жаратылыстану-математика бағыты бойынша заманауи білім беру» онкүндігі өткізілді.
Мақсаты: Оқытудың жаңа әдістері мен түрлерін сабақ барысында қолданып, оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, танымдық-шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, табиғи сұраныстарын қанағаттандыру. Осы онкүндік аясында, бірлестік мұғалімдері ашық сабақтармен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Ал психологтар мен әлеуметтік педагог психологиялық сауалнама өткізді. Жоғары санатты пән мұғалімдері өздерінің іс тәжірибелерімен бөлісіп, үздік авторлық бағдарламаның жасалу жолдарын насихаттады.