
Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданының білім бөлімінің Еркіндік ЖББ мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері поэзияның Хан-Тәңірі, Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" атты танымдық сағатын 6-11-сыныптар арасында, кітапханашы Секербаева Л.С. "Ақиық ақын - Мұқағали Мақатаев" тақырыбындағы кітап көрмесін, мектеп тәлімгері Абдекирова С.С. 4-5-сынып аралығында "Барлығы да сендердікі" атты мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. #shetbilim