back-image
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 13" отдела образования Осакаровского района управления образования Карагандинской области

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 13" отдела образования Осакаровского района управления образования Карагандинской области
04-10-2023 08:37
2023 жылы «Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» КММ-сі «Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ-мен бірлесіп, жақын шетел кітапханаларының қатысуымен қазақстандық жазушылар Оралхан Бөкейдің 80-жылдығына және Марат Қабанбаевтың 75-жылдығына арналған «Какое благо - быть!» Халықаралық кітапханалық интернет-сайысын жазушылар шығармашылығын түрлі елдердің өскелең ұрпақтары арасында насихаттау, ұлттық және мәдени жақындасу идеяларын ілгерілету, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін анықтау және дамыту, мәдени тарихи жадыны сақтау мақсатында ұйымдастырып өткізетінін хабарлады. Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№13 жалпы білім беретін мектебі» КММ 8-сынып оқушысы Мейіржан Құштар аталған сайыстың «Живые страницы» мәнерлеп оқу номинациясына қатысып, ІІ жүлделі орынды иеленді.
Байқауға қазақстандық оқырмандарынан басқа Ресей мен Беларусь оқырмандары да қатысты. Байланысқа шыққан конкурсанттармен жанды диалог балалардың қызығушылығын, олардың оқуға деген құштарлығын көрсетті. Балалар сайыс туралы өз әсерлерімен бөлісіп, жеңімпаздарға игі тілектерін білдірді.
Новости