.
Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысының тиімділігін арттыру және оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына көмек көрсету мақсатында Қарағанды облысының білім басқармасының тапсырмасы бойынша 2023 оқу жылында «Кәсіптер әлемін ашамыз» Республикалық байқауы өткізілді. Мектебіміздің 10-сынып оқушылары Шнайдер Игорь, Панкратьева Кристина байқаудың аудандық кезеңінде 1 орынға ие болды. «Менің кәсібім – менің бизнесім» бағыты бойынша республикалық кезеңінде қатысуды растайтын сертификатын алды.
«Болашаққа билет» байқауының «Бизнес стартап - жобалар көрмесі» бағыты бойынша аудандық кезеңінде 10-сынып оқушылары Шнайдер Кирилл, Шнайдер Игорь 1 орынды иеленді.
2023 жылдың 29 мамырында «Болашаққа билет» облыстық форумы өтті, онда біздің оқушылар өз жобаларын Осакаров ауданы атынан қорғап, Қарағанды облысының оқушылары арасында 2 жүлделі орынға ие болды.
С целью повышения эффективности профориентационной работы в организациях образования Карагандинской области и оказания помощи в профессиональном самоопределении учащихся, по поручению Управления образования Карагандинской области в 2023 учебном году были проведены Республиканский конкурс «Открываем мир профессий», где учащиеся 10 класса нашей школы, Шнайдер Игорь, Панкратьева Кристина приняли участие в районном этапе и заняли 1 место по направлению «Моя профессия – мой бизнес», в республиканском этапе - сертификат, подтверждающий участие.
В конкурсе «Билет в будущее», приняли участие учащиеся 10 класса, Шнайдер Кирилл, Шнайдер Игорь, направление «Выставка бизнес стартап-проектов», районный этап – 1 место.
29 мая 2023 года проходил областной форум «Билет в будущее», где наши ребята защищали свой проект от Осакаровского района, заняли 2 призовое место среди школьников Карагандинской области.