"№6 жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Геренчир Т.В., мектеп медбикесі Сорокина Т.А. және ата-аналар комитетінің мүшелері бірлесіп, мектеп асханасында тамақтану сапасына тексеру жүргізді. Комиссия асхана қызметкерлерінің тағам дайындау барысында тағамдардың салмағын санитарлық ереже талаптарына сай жасайтынын анықтады. Асхана залында әлеуметтік осал топтар санатына жататын 1-4 сынып, 5-11 сынып оқушыларына арналған "Жалпыға бірдей білім беру" қорының бюджет қаражаты есебінен берілетін тамақтану кестесі ілінген. Мұғалімдердің кезекшілік кестесі, 1-11 сынып оқушыларының тамақтану кестелері көрнекті жерде ілініп, қол жууға арналған құрылғылар орнатылған. Технологиялық процестің сақталуын бақылау мақсатында дайындалған тағамдардан тәуліктік сынама алынады. Тәуліктік сынаманы іріктеуді медбике Сорокина Т.А. жүзеге асырады. Тексеру қорытындысы туралы актімен комиссияның барлық мүшелері танысты.
Проведена проверка качества питания в школьной столовой.