Өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өткізу туралы
Өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өткізу туралы
Шұбаркөл ЖББМ-де 2026 жылғы 22 қыркүйек күні өрт қауіпсіздігі бойынша жоспарлы оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығудың мақсаты:
• Оқушылар мен мұғалімдерге төтенше жағдайда дұрыс әрекет етуді үйрету
• Эвакуация жолдарын пысықтау
Өткізілген жұмыстар:
1. Дабыл қағылды (1-қабатта шартты өрт)
2. Барлық оқушылар мен қызметкерлер 3 минут ішінде мектеп ауласына қауіпсіз жерге шығарылды
3. 112 қызметіне хабар беру тәртібі түсіндірілді
4. Өрт сөндіргіш құралдарын пайдалану көрсетілді
5. Оқушыларға өрт кезінде не істеуге болмайтыны ескертілді
Қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары, мұғалімдер, техникалық қызметкерлер - барлығы 120 адам
Қорытынды: Оқу-жаттығу сәтті өтті. Кемшіліктер анықталған жоқ.
Орындаған:БӘД пән мұғалімі Хуат Жәнібек
#нұраауданыбілімберубөлімі Дархан Такишев