"Іш-асқазан ауруларының профилактикасы" тақырыбында кеңес берілді.
Абай атындағы Шұбаркөл ЖББ мектеп жанындағы "Балапан" шағын орталықта "Консультационный пункт" жоспарына байланысты медбике маманның қолдауымен бірге ата-аналарға "Іш-асқазан ауруларының профилактикасы" тақырыбында кеңес берілді.
Мақсаты: ата-аналар мен балабақша арасындағы тығыз байланыста балалардың тамақтану әдеттері мен балабақшадағы шағын орталықта тамақтану режимінің айырмашылығы, қандай пайдалы тағамдармен тамақтану керек, Іш-асқазан ауруына шалдыққанда қандай шара қолдану және маңызды факторларға назар аудару керектігін айту, кеңес беру.