back-image
"Абай атындағы Шұбаркөл жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абай атындағы Шұбаркөл жалпы білім беретін мектебі" КММ
АТА - АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
04-04-2025 08:59
АТА - АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА❗️
 
✅ АТА - АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
 
???? Абай атындағы Шұбаркөл ЖББ мектебінде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
 
????Күн тәртібіндегі төмендегі мәселелер бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Б. Нуржанова баяндама жасады. 
 
 Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (өрт, су қауіпсіздігі, құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, нашақорлық) алдын алу жұмыстары;
 
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз беймізгіл жүруіне және көлік құралдарын басқаруға жол бермеу;
 
Буллинг, кибербуллинг, лудомания, электронды темекінің (вейп) зияны туралы ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды.
 
Жиналыс соңында мектеп әкімшілігі білім алушылардың қауіпсіздігін басты назарда ұстай отырып, баланың бағыт-бағдар алатын шамшырағы саналатын ата-аналарды бала тәрбиесімен бірлесе айналысуға шақырды.
 
Бәсекеге қабілетті саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында мектеп пен ата-ана үнемі бірлікте болып, алдағы уақытта жүйелі жұмыстар жүргізілетіні айтыла келе, жиын күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ата-аналардың пікірімен қорытындыланды. 
 
#БІРТҰТАСТӘРБИЕ
#ЖАЛЫНДЫ_ЖАСТАР!
#ӨЗІҢНЕН_БАСТА!
#Білім_басқармасы 
#УМЦ_КАРАГАНДЫ
saryarkadaryny.kz 
#белсендіжастар
#oqu_agartu_ministrligi
#altynsarin_akademiasy
#obb_qaragandy 
#umckrg
#нұраауданыбілімбөлімі
Новости