back-image
КГУ "Шубаркольская общеобразовательная школа им. Абая"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Шубаркольская общеобразовательная школа им. Абая"
Жоғары оқу орынында қандай мамандықтарға Қарағанды облысы әкімдігінің гранты беріледі
07-08-2024 14:45
Жоғары оқу орынында қандай мамандықтарға  Қарағанды облысы әкімдігінің гранты беріледі

Қарағанды облысында жергілікті бюджеттен білім гранттарын алуға құжаттарды қабылдау басталды. Биыл олардың 112-і педагогикалық және медициналық мамандықтарға арналған.

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне бакалавриатқа 20 адам қабылданады. Мемлекеттік тапсырыс математика, химия, география, бастауыш сынып, АӘД, тілдер мен әдебиет мұғалімдерін, сондай-ақ педагог-дефектологтарды даярлауды қамтыған.

Құжаттар 5–10 тамыз аралығында қабылданады. Тілек білдірушілер Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ қабылдау комиссиясына жүгінуі қажет.

Медициналық мамандықтарға резидентура бойынша оқуға 92 орын беріледі: Қарағанды медицина университетінде – 79, Астана медицина университетінде – 13. Мемлекеттік тапсырыс сұраныстағы  мамандықтардан құралған: Акушерлік және гинекология, анестезиология және реаниматология, кардиология, неврология, нейрохирургия, жалпы хирургия, урология және андрология, офтальмология, оториноларингология, жұқпалы аурулар, неонатология, шұғыл медицина, педиатрия, терапия.

Резидентураға құжаттарды қабылдау 20–25 тамыз аралығында өтеді. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары тілек білдірушілерді күтуде.

Білім беру гранттарын беру конкурстық негізде жүзеге асырылатын болады.

Новости