Жаңалықтар
«Кітап оқитын ұлт» жобасы – қоғамды рухани дамытуға, жеке тұлғаның өсуіне үлкен серпін беретін маңызды бастама. Бұл жоба арқылы мен өзіме қажетті көптеген құнды кітаптарды оқып, олардың мазмұнын күнделікті өмірімде қолдана бастадым.
Әсіресе, "Семь навыков высокоэффективных людей" авторы Стивен Кови ұсынған қағидалар маған уақытты тиімді басқаруға, мақсат қоюға және өз-өзімді дамытуға көмектесіп келеді. Ал Абай Құнанбайұлы айтқан нақыл сөздер мен қара сөздер өмірге деген көзқарасымды тереңдетіп, адамгершілік құндылықтарды санама берік орнықтырды.
Сондай-ақ, "Атомные привычки" Джеймс Клир еңбегі арқылы күнделікті кішкентай әдеттердің үлкен нәтижеге жеткізетінін түсіндім. Қазір осы тәсілдерді тәжірибеде қолданып, өз тәртібімді жақсартып келемін. Ал Дейл Карнегидің "Как перестать беспокоиться и начать жить?" маған уайыммен күресуді және өмірді жеңіл қабылдауды үйретті.
Педагогикалық бағытта да үлкен пайда алдым. "Классный учитель" (Н. Джексон) және "Финская система обучения" (Уокер) еңбектері заманауи білім беру тәсілдерін меңгеруге ықпал етті. Бұл білімдерді сабақ барысында қолданып, оқушылармен жұмыс істеу әдістерімді жетілдіріп жүрмін.
Жалпы, «Кітап оқитын ұлт» жобасы мен үшін тек кітап оқу емес, оны өмірде қолдану арқылы өзін-өзі дамытуға жол ашқан ерекше мүмкіндік болды. Осындай жобалар қоғамның интеллектуалдық деңгейін көтеріп, білімді, саналы ұрпақ қалыптастыруға зор үлес қосады
@oqu_agartu_ministrligi
@_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg
