back-image
КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"
«Неке тек өзара келісім бойынша»
08-09-2026 16:33
«Неке тек өзара келісім бойынша»
 
2026 жылғы 8 қыркүйекте Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектепте 8–10 сынып оқушылары арасында «Неке тек өзара келісім бойынша» тақырыбында профилактикалық ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шара оқушылардың неке және отбасылық қарым-қатынас мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шара барысында оқушыларға көрнекі суреттер мен негізгі құқықтық ережелер қамтылған ақпараттық жадынама ұсынылды. Оқушыларға неке тек екі адамның ерікті және өзара келісімі негізінде қиылатыны түсіндірілді. Некеге мәжбүрлеуге, психологиялық қысым көрсетуге және адамның жеке таңдау құқығын бұзуға жол берілмейтіні атап өтілді.
Сонымен қатар, некеге тұру жасына ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, неке 18 жастан бастап қиылады. Неке ерікті, саналы түрде және заңда белгіленген тәртіппен тіркелуі тиіс.
Іс-шараның негізгі идеясы: неке — кәмелетке толған екі адамның өзара құрметіне, сеніміне және ерікті келісіміне негізделген жауапты шешім. Әр адам өз өмір жолын өз бетінше таңдауға және қысым мен мәжбүрлеусіз шешім қабылдауға құқылы.
Ақпараттық іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз құқықтарын, жеке шекараларын және әр адамның таңдауына құрметпен қараудың маңыздылығын түсінуге ықпал етті.
Новости