back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Берекелі отбасы – бақытты балалықтың негізі»
07-09-2026 16:27
«Берекелі отбасы – бақытты балалықтың негізі»
«Отбасы – бізден басталады» апталығының негізгі мақсаты – оқушылардың отбасылық құндылықтар туралы түсінігін кеңейту, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, отбасы мүшелерінің арасындағы өзара сыйластық, қамқорлық, жауапкершілік және ынтымақтастық қасиеттерін қалыптастыру.
Апталық барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тәрбиелік бағыттағы сынып сағаттары, пікірталастар, шығармашылық тапсырмалар, жағдаяттық ойындар мен танымдық жұмыстар ұйымдастырылады. Әр сынып сағатында отбасының бала өміріндегі маңызы, ата-ананы құрметтеу, отбасындағы өзара көмек, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтау мәселелері қамтылады.
Апталықтың басты идеясы – «Берекелі отбасы – бақытты балалықтың негізі» екенін түсіндіру және оқушыларды өз отбасын қадірлеуге, жақындарына қамқор болуға, жақсы қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: оқушылар отбасының қоғамдағы және өз өміріндегі маңызын түсінеді, отбасылық құндылықтарды бағалайды, ата-ана мен жақындарына құрмет көрсету, қамқорлық жасау және жауапкершілік таныту дағдыларын дамытады.
Новости