back-image
КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"
ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА АМАНАТ!
07-09-2026 16:25
ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА АМАНАТ!

Мектебімізде 7–11 сынып оқушылары арасында әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа аманат!» тақырыбында «Ерлік сабағы» өткізілді. Іс-шараға ауылымыздың ауған соғысының ардагері Тулеубаев М.Б. арнайы қатысып, оқушылармен кездесті. Ардагер өз басынан өткен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, Отанды қорғаудың қасиетті борыш екенін айтып, жас ұрпақты елін, жерін сүюге, бейбітшілікті бағалауға шақырды. Кездесу барысында оқушылар ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі, жауынгерлік жолы және олардың ел тарихындағы орны туралы мағлұмат алды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ардагермен еркін пікір алмасты. «Ерлік сабағы» – өткенді ұмытпай, бүгінгі бейбіт күннің қадірін түсінуге үндейтін тағылымды кездесу болды. Батырлардың ерлігі – жас ұрпаққа үлгі, ал Отанға деген сүйіспеншілік – әр азаматтың жүрегінде болуы тиіс қасиет. Мұндай кездесулер оқушылардың бойында отансүйгіштік, елжандылық, азаматтық жауапкершілік пен туған жерге деген құрметті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады

Новости