«Спорт – күш, жігер, жеңіс»
«Р. Асубаев ЖББМ» жанындағы «Болашақ» жазғы лагерінің 8-күні Спорт және денсаулық күніне арналды.
Күн таңертеңгі сергіту жаттығуынан басталды. Оқушылар көтеріңкі көңіл күймен жаттығу жасап, белсенділік танытты. Кейін мұғалім балалармен денсаулықтың адам өміріндегі маңызы, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану және спортпен тұрақты айналысудың пайдасы туралы танымдық әңгіме өткізді.
Іс-шараның негізгі бөлігінде «Көңілді старттар» спорттық сайысы ұйымдастырылды
