back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Болашақ» жазғы мектеп жанындағы лагерінде «Көңілді ойындар» күні
17-06-2026 13:48
«Болашақ» жазғы мектеп жанындағы лагерінде «Көңілді ойындар» күні

Бүгін, 17.06.2026 күні, Р. Асубаев атындағы ЖББ мектебінің «Болашақ» жазғы мектеп жанындағы лагерінде «Көңілді ойындар» күні өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы ұйымдастыру, олардың белсенділігін, ептілігі мен ұйымшылдығын дамыту болды.
Күн барысында балалар түрлі су ойындарына қатысып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Сонымен қатар, командалық эстафеталық жарыстар өткізіліп, оқушылар жылдамдықтарын, шапшаңдықтарын және бір-біріне қолдау көрсете білу қабілеттерін танытты. Үстел үсті ойындары арқылы балалар логикалық ойлауын дамытып, бос уақыттарын қызықты өткізді.
«Көңілді ойындар» күні лагерь тәрбиеленушілеріне жағымды эмоциялар сыйлап, достық қарым-қатынасты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етті.

Новости