Р. Асубаев атындағы ЖББ мектебінде тағы бір оқу жылы артта қалып, 11-сынып оқушыларының мектеппен қоштасу және аттестат алу рәсімі өтті. Алтын ұя мектебінен қанат қаққалы тұрған жас түлектердің бұл қуанышымен бөлісуге мектеп әкімшілігі, ұстаздар және ата-аналар қатысты. Салтанатты жиында түлектерге орта білім туралы аттестаттар үлестіріліп, мектеп өмірінде белсенділік танытқан оқушылар марапатталды. Ұстаздар мен ата-аналар жас қырандарға үлкен өмірде өз жолдарын таубуларына және жарқын болашақ тіледі.