«Болашақ» мектеп жанындағы жазғы лагерь «Кәсіпкер әлемі» күні
Бүгін, 15.06.2026 күні, Р. Асубаев атындағы ЖББ мектебінде «Болашақ» мектеп жанындағы жазғы лагерде «Кәсіпкер әлемі» күні өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі мамандықтармен танысып, олардың қоғамдағы маңызы туралы мағлұмат алды. Балалар берілген әріптерге сәйкес өздері білетін мамандықтарды атап, сөздік қорларын толықтырды. Сондай-ақ шашыраңқы әріптерден заманауи мамандық атауларын құрастырып, бұрын таныс емес кәсіп түрлері туралы жаңа ақпарат алды.
«Мамандық таңдау – табыстың кілті» тақырыбындағы танымдық бейнероликті тамашалап, болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығын түсінді. Мамандыққа байланысты пазл құрастырды. Оқушылар ағылшын тіліндегі Wordwall және Kahoot платформаларында мамандықтарға қатысты қызықты тапсырмалар орындап, білімдерін шыңдады. Іс-шара балалардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға, ой-өрісін кеңейтуге және болашаққа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.