2026 жылғы 9 маусым күні Р.Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушылары үшін қазақ тілі пәнінен мемлекеттік емтихан өткізілді. Емтиханға 11 қазақ сыныбынан 6 оқушы қатысты. Мемлекеттік емтихан барысында оқушылар қазақ тілі бойынша алған білімдерін көрсетіп, берілген тапсырмаларды орындады. Емтихан белгіленген талаптар мен ережелерге сәйкес ұйымдастырылды. Қатысушылар жауапкершілік танытып, өз білім деңгейлерін дәлелдеуге мүмкіндік алды. Емтихан өз деңгейінде өтіп, оқушылар белсенділік көрсетті.