Р. Асубаев атындағы ЖББМ жанындағы лагерьде «Қауіпсіз жаз» күні өткізілді. Күн таңертеңгі жаттығудан басталып, оқушылар көтеріңкі көңіл күймен күн тәртібіне қатысты. Балаларға жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, түрлі жағдаяттар бойынша әңгімелер жүргізілді.
Мектеп психологы Кратович Е. М. балалармен психологиялық тренинг өткізіп, қауіпсіз мінез-құлық пен достық қарым-қатынастың маңыздылығы туралы айтты.
Іс-шаралардан кейін оқушылар түскі ас ішіп, көтеріңкі көңіл күймен үйлеріне қайтты. Күн мазмұнды әрі пайдалы өтті.
Дене шынықтыру мұғалімі: М.О.Рыспаев
Тәрбиешілер: З.М.Блялова
Д.Ж.Бекмагамбетова