Сынақтан – шыңға: Қобалжуды қалай басқарамыз?
11-сынып оқушыларының қатысуымен емтихан алдындағы эмоционалдық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған психологиялық шараны мектеп психологтары ұйымдастырды. Шара барысында оқушылар сергіту және релаксациялық жаттығуларын жасап, бойларындағы жиналған стресті арылтты. Мұндай практикалық жаттығулар бітірушілердің емтиханға психологиялық тұрғыдан нық әрі дайын болуына көмектесті.