Бүгін Р. Асубаев атындағы ЖББ мектебінде «Болашақ» жазғы мектеп жанындағы лагерде «Достық» күні өткізілді. Күн барысында балалар достықтың маңызы туралы танымдық бейнеролик көріп, көңілді флешмоб биледі.
Сондай-ақ балалар ұйымшылдық пен өзара түсіністікті дамытуға бағытталған қызықты ойындарға қатысты. «Адасқан сап» ойынында қатысушылар жұмулы көзбен нұсқаушының нұсқауы бойынша дөңгелек, үшбұрыш сияқты геометриялық фигураларды құрастырды. Ал «Арал» ойынында балалар жерге төселген газетке барлығы бірге сыйып тұруға тырысып, бір-біріне қолдау көрсетті.
Іс-шара барысында балалар достықтың, ынтымақтастықтың және бірлесіп әрекет етудің маңызын түсініп, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Күн қызықты әрі әсерлі өтті.