"Кітап" күні мектеп жанындағы лагерь
Р.Асубаев атындағы ЖББМ бүгін лагерьде «Кітап күні» тақырыбында танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Күн балалардың көңіл-күйін көтеріп, денсаулықтарын нығайту мақсатында таңертеңгі жаттығумен басталды. Одан кейін күн тәртібіне сәйкес «Кітап – білім бұлағы» тақырыбында әңгіме жүргізіліп, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік берілді.
«Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында әңгіме жүргізіліп, оқушылар өздерінің сүйікті кітап кейіпкерлері туралы ой бөлісті. Балаларға «Кітап – білім бұлағы», «Кітап көп оқығанның білімі мол» деген нақыл сөздердің мағынасы түсіндірілді.
Тәрбиешілердің жетекшілігімен балалар Мәдениет кітапханасына саяхат жасады. Кітапхана қызметкері Уразбаева Қ. С. оқушыларды кітапханамен таныстырып, кітаптардың түрлері, олардың ерекшеліктері мен пайдалану ережелері туралы қызықты мәліметтер берді. Балалар өздерін қызықтырған кітаптарды тамашалап, сұрақтарына жауап алды.
Іс-шара барысында оқушылар кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырып, жаңа мәліметтермен танысты. Күн соңында балалар түскі ас ішіп, көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарқасты. Кітап күні тәрбиелік және танымдық жағынан өте пайдалы өтті.
Дене шынықтыру мұғалімі:М.О.Рыспаев
Тәрбиешілер: З.М.Блялова
Д.Ж.Бекмагамбетова