9 қазақ сыныбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері қарастырылды. Ата-аналарға судағы қауіпсіздік, жол қозғалысы ережелерін сақтау, өрт қауіпсіздігі, интернетті қауіпсіз пайдалану және қоғамдық орындардағы тәртіп туралы нұсқаулықтар таныстырылды. Сонымен қатар, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жазғы демалыс кезеңінде бақылауды күшейту қажеттігі түсіндірілді. Ата-аналар қауіпсіздік ережелерімен танысып, тиісті нұсқаулықтан өтті.