back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Аудандық тимбилдинг
02-06-2026 13:58
Аудандық тимбилдинг
Нұра ауданының тәрбие жөніндегі орынбасарлары мен аға тәлімгерлерінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының арасында аудандық тимбилдинг іс-шарасы өткізілді. Аталған шараның негізгі мақсаты – қатысушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, көшбасшылық қабілеттерді дамыту, командалық жұмыстың маңызын арттыру және тәжірибе алмасуға қолайлы орта қалыптастыру.
Тимбилдинг барысында:???? Білім бөлімінің әдіскерлері Ж.А. Тулеутаева, А. және мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Л.Н.Культаева қатысушыларға сәттілік тілеп, шараны салтанатты түрде ашты. Мектебіміздің тәлімгері А.Ж. Маканова мен педагог-психологы А.Б. Шаймерденова қатысушылар арасында еркін атмосфера қалыптастырып, «Команда энергиясы» сергіту сәтімен ерекше көңіл-күй сыйлады.
Педагогтер 4 түрлі қызықты бекеттен өтті: «Логика» (С.Сейфуллин атындағы ЖБМ: М.А.Какенова, И.А.Куклева) «Шығармашылық» (А.Асылбеков атындағы ЖБМ: А.Б.Жадыгерова) «Сенім» (Байтуған ЖБМ: А.У.Бегимбекова) «Бірлік мұнарасы» (Шайменов ЖБМ: Т.С.Шашито) Шара соңында мектебіміздің педагог-психологтары Е.М. Кратович пен А.Б. Шаймерденованың жетекшілігімен «Тілек шамы» рефлексиясы жүргізіліп, қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.Тимбилдинг жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушыларға кәсіби шабыт пен позитивті қуат сыйлады!
Новости