back-image
КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"
«Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбындағы сынып сағаты
25-05-2026 10:11
«Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбындағы сынып сағаты
«Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбындағы сынып сағаты 7-сынып оқушыларына арналған тәрбиелік іс-шара ретінде ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, алған білімдерін ел болашағына қызмет етуге бағыттау, сондай-ақ заңға құрмет пен тәртіп қағидаттарын, халықтық Конституция құндылықтарын бойына сіңіру.
Сынып сағаты барысында оқушылар білімнің адам өміріндегі маңызы, ел дамуына қосар үлесі туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» ұғымы кеңінен түсіндіріліп, әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттері, заңға бағыну және қоғамдық тәртіпті сақтау маңыздылығы жан-жақты талқыланды. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылды. Түрлі сұрақ-жауап, пікір алмасу, нақыл сөздер мен тәрбиелік тапсырмалар арқылы олардың танымдық белсенділігі арттырылды. Білімді, тәртіпті және заңға құрметпен қарайтын ұрпақтың тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы екендігі атап өтілді.
Іс-шара нәтижесінде оқушылар білімнің тек жеке жетістікке ғана емес, қоғам мен Отан игілігіне қызмет ететін маңызды құндылық екенін ұғынды. Сонымен қатар, заңды құрметтеу, тәртіп сақтау, азаматтық жауапкершілік таныту – әрбір тұлғаның басты міндеті екендігі нақтыланды. Сынып сағаты оқушылардың патриоттық сезімін нығайтып, жауапкершілік пен ізденімпаздыққа тәрбиелеуге ықпал етті.
 
Новости