Облыстық «Жас құтқарушы»
Облыстық «Жас құтқарушы» слетінде мектебіміздің құтқарушылары жүлделі ІІІ орын иеленді.
Құттықтаймыз!!!
Жастардың патриоттық рухын көтеру, төтенше жағдай кезінде әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған облыстық «Жас құтқарушы» слетінде мектебіміздің жас құтқарушылар командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Слет барысында қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша сынға түсіп, өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын, білімдері мен командалық ұйымшылдықтарын көрсетті. Атап айтқанда, алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шеккен адамды құтқару, өрт қауіпсіздігі, кедергілер жолағынан өту және теориялық білім сайыстары өткізілді.
Мектебіміздің жас құтқарушылары барлық кезеңдерде белсенділік танытып, жауапкершілік пен батылдықтың үлгісін көрсете білді. Команданың бұл жетістігі – жүйелі дайындықтың және оқушылардың табандылығының нәтижесі.
Жүлделі орын иеленген оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, мектебіміздің абыройын асқақтата берулеріне тілектеспіз!