back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Облыстық “Ұлан” әскери-спорттық ойындары
22-05-2026 09:41
Облыстық “Ұлан” әскери-спорттық ойындары
Мектебіміздің намысын қорғаған ұландар облыстық “Ұлан” әскери-спорттық ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Жарыс барысында қатысушылар әскери тәртіп, шапшаңдық, ептілік пен командалық бірлікті сынға салды.
Нәтижесінде мектебіміздің командасы командалық есеп бойынша жүлделі ІІ орын иеленіп, өздерінің жан-жақты дайындықтарын дәлелдеді. Сонымен қатар саптық дайындық кезеңінде ІІІ орынға ие болып, тәртіп пен үйлесімділіктің жоғары деңгейін көрсетті. Әскериленген кросс сайысында да ұландарымыз белсенділік танытып, ІІ орынды қанжығаларына байлады.
Бұл жеңіс – оқушылардың табандылығы мен әскери-патриоттық даярлығының нәтижесі. Осындай жарыстар жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, батылдыққа, жауапкершілікке және ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Жеңімпаз ұландарымызды құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!
Новости