back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Өзін-өзіне көмектесу және өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту»
18-05-2026 09:26
«Өзін-өзіне көмектесу және өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту»
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы (АПҚО) жоспары аясында өткізілетін «Өзін-өзіне көмектесу және өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту» тақырыбында 14 мамыр күні мектебіміздің Әлеуметтік педагогы Аргимбаева И.С. ата-аналардың тәрбиелік құзыреттілігін арттыруға бағытталған жиналыс өткізді. Іс-шара барысында баланың қауіпсіз ортада өмір сүруі, өзіне қызмет көрсетуі, қиын жағдайда өзін қорғай білуі және жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру мәселелері қарастырылады.
Кездесу барысында ата-аналарға балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес дербестікке баулу, қауіптің алдын алу, эмоционалдық қолдау көрсету және сенімді қарым-қатынас орнату жолдары ұсынылады. Практикалық мысалдар мен тренинг элементтері арқылы ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі мен қолдау тәсілдері талқыланады.
Іс-шараның мақсаты: ата- аналарға жан жарақаты жағдайларының алдын алуға, баланы қысымсыз қолдауға үйрету.
Новости