1 мамыр – Бірлік күні
Бүгін Р. Асубаев атындағы ЖББМ-де 1 мамыр – Бірлік күніне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шара барысында мектеп оқушылары түрлі ұлттардың мәдениетін дәріптеп, әр халықтың ұлттық билерін билеп, әсем әндерін орындады. Барлық сыныптар белсенді қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Концерттің басты мақсаты – оқушылар арасында достықты, бірлікті және татулықты нығайту, сондай-ақ көпұлтты еліміздің мәдени байлығын насихаттау болды. Мерекелік кеш ерекше көңіл-күй сыйлап, көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырды.