«Ойындағы еңбекқорлық: бірге жұмыс істеуді үйренеміз»
27.04.26 күні Р.Асубаев атындағы ЖББМ 1-сынып оқушыларымен «Ойындағы еңбекқорлық: бірге жұмыс істеуді үйренеміз» атты психолог сағаты өткізілді. Шара барысында оқушылар еңбекқорлықтың мәнін түсініп, топта бірлесіп жұмыс істеуді үйренді. «Құмырсқалар» ойыны мен «Ортақ сурет» жаттығулары арқылы балалар достық пен өзара көмектің маңыздылығын сезінді. Сабақ соңында әр оқушы алғашқы «Еңбекқорлық медалдарымен» марапатталды.
Өткізген педагог-психолог: А.Б.Шаймерденова