back-image
КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"
«Геотактика» бағдарламасы
16-04-2026 15:32
«Геотактика» бағдарламасы
Нұра ауданының ББ қолдауымен мектебімізге «Геотактика» бағдарламасы орнатылды. Қазіргі білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану – оқу үдерісінің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарының бірі. Соның ішінде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінде заманауи цифрлық құралдарды пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді. Осындай тиімді құралдардың бірі – «Геотактика» бағдарламасы.
«Геотактика» бағдарламасы – әскери-тактикалық жағдайларды модельдеуге арналған заманауи цифрлық платформа. Бұл бағдарлама арқылы оқушылар картамен жұмыс істеуді, жер бедерін талдауды, бағыт-бағдар анықтауды және тактикалық шешім қабылдауды үйренеді. Бағдарламаның визуалды мүмкіндіктері оқыту үдерісін қызықты әрі түсінікті етеді. Мектебіміздің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге, мұғалімдердің кәсіби дамуына жағдай жасау бағытында атқарып жатқан жұмыстарыңыз – өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына үлкен үлес қосуда. Мектебіміздің ұжымы атынан сіздерге білім беру саласын дамытудағы қажырлы еңбектеріңіз бен жүйелі қолдауларыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Новости